Бокс

Фируза Шәріпованың титулдық жекпе-жегінде мұрны сынды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Куценкоға қарсы жекпе-жекте жарақат алды.

Кәсіпқой бокста екі салмақ санатында бірқатар белдіктердің иесі атанған Шәріпованың мұрны сынды.

«Спортшының бұған дейін де бірнеше рет мұрны сынған. Атап айтқанда, 2017 жылы наурызда Юлия Чернобородоваға қарсы кездесу қарсаңындаңы спаррингте қатты жарақат алып қалған болатын. Чемпион қыз соған қарамастан рингке шығып, қарсыласын жеңді», - деп мәлімдеді Шәріпованың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шәріпова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Фируза өзінің титулдарын қорғап қана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды. Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтті.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер