Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» Дибалаға көз тікті

«Манчестер Юнайтед» Дибалаға көз тікті
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» туриндік «Ювентус» клубының ойыншысы Пауло Дибалаға көз салды, деп жазады Prosports.kz

Calciomercato басылымының мәліметінше, манкуниандықтардың бас бапкері Жозе Моуриньо аргентиналық футболшыны командасында көргісі келеді. Қысқы трансферлік маусым кезінде Дибаланы Поль Погбаға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, туриндік клубқа Криштиану Роналду ауысқаннан соң Пауло Дибала негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды. Ал Поль Погба жаттықтырушы Жозе Моуриньомен ара-қатынасының нашарлауына байланысты командадан кеткісі келеді. Сол себепті бұл трансфер екі тараптың көңілінен шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер