Басқа

Қарағандыда триатлоннан Қазақстан кубогының ІІІ кезеңі аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қарағандыда триатлоннан Қазақстан кубогының үшінші кезеңі мәресіне жетті.

Жарысқа Астана, Шымкент, Алматы және Алматы облысынан жалпы есебі 13 спортшы қатысты. Қарағандыдағы күн райының суықтығына байланысты бас төреші жүзу кезеңін екі есеге қысқартып тастады. Осылайша, атлеттер 1,5 шақырымның орнына 750 метрге жүзді.

Кубок кезеңінің қорытындысы бойынша, үш кезеңді 2 сағат 00 минут 56 секундта аяқтаған Семен Пивоваров чемпион атанды. Екінші орынды көшбасшыдан 1 минут 5 секундқа кешіккен Сабыржан Қосақ иеленді. Үздік үштікті Әнуар Тұрыбаев қорытындылады (2 сағат 04 минут 30 секунд).

Қыздар арасында Ғазиза Құмақбаева мәреге бірінші болып келді. Оның нәтижесі – 02 сағат 24 минут 35 секунд. Екінші орында Дарья Бычкова, үшінші орында Әйгерім Нұрғали.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер