Жеңіл атлетика

Құрлықаралық кубок-2018: Виктория Зябкина және оның бәсекелестері

Құрлықаралық кубок-2018: Виктория Зябкина және оның бәсекелестері
news-banner7
mobile-news-top

Чехияның Острава қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) құрлықаралық кубогы басталды. Бүгін жарыс жолына 200 метрге жүгіруден қазақстандық Виктория Зябкина шығады.

200 метрге жүгіруден біраз мықты Чехияда бас қосады. Атап айтсақ, 2016 жылы Рио Олимпиадасында осы қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған Нидерланды спортшысы Дафне Схипперс Еуропа намысын қорғауға келіп отыр. Осыдан 2 жыл бұрын Бразилиядағы Олимпиада ойындарында 400 метрге жүгіруден топ жарған Шона Миллер-Уйбо спринтерлермен сынға түспекші. Онымен бірге Америка құрлығынан Шерика Джексон жүгіреді. Бұл спортшының атақ-дәрежесі жетерлік. 2016 жылы Олимпиада ойындарында 400 метрге жүгіруден қола жүлде еншілген. Эстафетадан 2015 жылы командаластарымен бірге әлем чемпионы атанған.

Африка құрлығы сенім артып отырған Мари-Жози Та Лу былтыр Лондондағы әлем чемпионатында 100 және 200 метрге жүгіруден екі бірдей күміс жүлдеге ие болған.

Еуропадан Дафне Схипперстен бөлек, болгариялық Ивет Лалова-Коллио қатысады. Бұл спортшы өз құрлығында чемпион атанған. Азиядан Зябкинамен бірге Бахрейн елінен Эдидионг Одионг бар. Жақында Жакартадағы Азия ойындарында үш мәрте тұғырдың жоғары сатысына көтерілген. Африкадан камерундық Джермейн Абиссоло Бивина да қатысады.

Айта кетейік, IAAF-тың құрлықаралық кубогы ең алғаш рет 2010 жылы Сплитте өткізілген. Хорватияда Қазақстан атынан қатысқан Ольга Рыпакова 15.25 метрге секіріп, Азияның рекордын жаңартқан.Сондай-ақ өзінің спорттық карьерасындағы үздік нәтижені тіркеген болатын.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер