Баскетбол

Қазақстан құрамасы стритболдан Азия чемпионатында жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астана төрінде стритболдан өтіп жатқан FІВА Asia Quest Final 3х3 Азия чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті.

Қарсыластарынан басым түсіп, керемет нәтиже көрсеткен «Жығалма» ерлер командасы жеңіске жетті. Қазақстандық жігіттер сириялық «Sham» командасын 21:19 есебімен ұтып, жеңіске қол жеткізді.

Жарыстың екінші күнінде барлығы 21 кездесу өтті. Оның ішінде қазақстандық командалар да сынға түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер