Басқа

Еліміздің оқ атушылары Кореядағы Олимпиада іріктеуіне қатысуда

news-banner7
mobile-news-top

Еліміздің мергендері 2020 жылы өтетін Олимпиада жолдамасы үшін сынға түсті. Қазақстан құрамасы оңтүстіккореялық Чханвон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысуда.

Бұл байрақты бәсекеде тоқсан бір мемлекеттен үш мың төрт жүзге жуық спортшы бақ сынап жатыр. Юрий Юрков, Владимир Исаченко, Рашид Юнусметов, Александра Малиновская және Елизавета Король есімді спортшылар үздік сегіздіктің қатарына кіре алмады. Осылайша оларға олимпиадаға жолдама алу бұйырмады.

Үздік нәтиже көрсеткен – Юрий Юрков. Ол бір мың жүз жетпіс сегіз ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Олимпиада ойындары жолдамасы үшін таласты жалғастыру үшін оған бір ұпай ғана жетпей қалды.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер