русский язык

Шаңғышыларымыз Әлем кубогында жеңіс тұғырына көтерілді

Шаңғышыларымыз Әлем кубогында жеңіс тұғырына көтерілді

Шаңғы спорты бойынша Асиагода өткен Әлем кубогының төртінші кезеңінде ерлер арасындағы командалық спринтте қазақстандықтар екінші орынды иеленді.

Бірінші орын норвегиялық жұп Элдар Реннинг пен Ола Виген Хаттестадтың қанжығасында кетті. Екінші орын қос қазақстандық Николай Чеботько мен Алексей Полторанинде, ал үшінші орын Норвегияның екінші командасы Остейн Петтерсен және Эйрик Брандсдал жұбына бұйырды.

Ерлер. Командалық спринт.
1. Норвегия — 1 — 24:47.4.
2. Қазақстан (Николай Чеботько, Алексей Полторанин)
3. Норвегия — 2 — +2,1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;