Жеңіл атлетика

Құрлықаралық кубок-2018: Ольга Рыпакованың қарсыластары

Құрлықаралық кубок-2018: Ольга Рыпакованың қарсыластары
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Чехияның Острава қаласында Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының (IAAF) құрлықаралық кубогы басталады.

Оған төрт құрлықтың құрамалары қатысады: Еуропа, Америка, Африка және Азия-Мұхит аралдары елдері. Құрлықаралық кубоктың бағдарламасында 37 сайыс түрі енгізілген (18-і ерлер арасында, 18-і әйелдер арасында және 4х400 метрлік аралас эстафета). Әрбір сайыс бойынша спортшыларға ұпай үлестіріледі. Сол бойынша үздік құрлықтық команда анықталады. Бір сайыс түрінен әрбір құрлықтан 2 спортшы ғана қатыса алады.

Төрт жылда бір өтетін аталмыш дода екі күнге жалғасады. Бүгін, 8 қыркүйек күні қазақстандық Ольга Рыпакова жарыс жолына шығады.

Осы ретте отандасымыздың басты қарсыластары туралы айтып өтсек.

Азия аймағынан Құрлықаралық кубокта үш қарғып секіру сайысынан қазақстандық Ольга Рыпакова мен Таиланд спортшысы Паринья Чуаймароенг қатысады. Екеуі де осы маусымдағы сары құрлықтағы рейтингтің көшбасында тұр.

Жақында Жакартада аяқталған Азия ойындарында Рыпакова 14.26 метрге секіріп чемпион атанған. Өз кезегінде Чуаймароенг 13.93 метрмен екінші орынға ие болған. Бұл спортшы мамыр айындағы жарыстардың бірінде 14.17 метрге де секірген.

Ал Еуропа, Америка құрлығыны үш қарғып секірушілерінің биылғы маусымдағы көрсеткіштері аталған екі спортшыдан жоғары. Мысалы, Еуропа намысын грек қызы Параскеви Папахристу мен неміс Кристин Гириш қорғайды. Грекиялық спортшы Берлинде өткен Еуропа чемпионатында 14.60 метрмен топ жарған. Гириш сол жарыста екінші орынға ие болған (14.45).

Америка атынан қатысатын екі спортшы да басты жүлдеден үміткерлер. Осы маусымдағы әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған, Олимпиада, әлем чемпионаттарын ұтқан колумбиялық Катрин Ибаргунге сенім артып отыр. Ол биыл «Гауһар лиганың» іріктеу кезеңдерінің бірінде 14.96 метрге секірген. Сондай-ақ жас талантты америкалық Тори Франклин (14.84) бар.

Тамыз айының басты Африка құрлығының чемпионаты өтті. Нигерияда үш қарғып секіруден жергілікті спортшы Грейс Анигбата үздік шыққан (14.02). Күміс медаль Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Зинзи Чамбандиге бұйырып еді (13.59). Енді осы екеуі Чехиядағы Құрлықаралық кубокқа қатысады.

Айта кетейік, IAAF-тың құрлықаралық кубогы ең алғаш рет 2010 жылы Сплитте өткізілген. Хорватияда Қазақстан атынан қатысқан Ольга Рыпакова 15.25 метрге секіріп, Азияның рекордын жаңартқан.Сондай-ақ өзінің спорттық карьерасындағы үздік нәтижені тіркеген болатын.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер