Ұлттық спорт

ДКО-2018: Көкпардан Қазақстан финалға неліктен шыға алмады

ДКО-2018: Көкпардан Қазақстан финалға неліктен шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Көкпар федерациясының президенті Ерлен Оспанов «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне турнир фавориті деп танылған команданың неліктен ұтылып қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Кеше Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан командасы жартылай финалда өзбекстандықтарға жол беріп, үшінші орынмен шектелген болатын.

«Біріншіден, біздің команда бір күнде екі ауыр ойын өткізді. Жартылай финалға шығу үшін АҚШ құрамасын 20:9 есебімен, Красноярск командасын 15:3 есебімен жеңді. Ал жартылай финалға жеткенше жігіттер шаршап қалды.

Бұл әлемде кең таралған тәжірибе. Көптеген халықаралық ірі турнирлерге командалар шамасын байқау үшін жастарды шығарады. Жігіттердің барлығы 93-98 жылы туғандар. Соған қарамастан, қазақстандықтар негізгі құраммен келген Өзбекстанға небәрі бір ұпаймен есе жіберді», - деді Е. Оспанов.

Айта кетейік, барлық командалар турнирге бірінші құраммен келген.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер