Ұлттық спорт

Қырғыз азаматы қазақ көкпаршыларын «намыссыз» деп айыптады

Қырғыз азаматы қазақ көкпаршыларын «намыссыз» деп айыптады
news-banner7
mobile-news-top

Қырғыздың Чолпон-Ата қаласында III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр, деп жазады prosports.kz.

Кеше ғана аяқталған көкпардан жартылай финалдық ойындарда ел күтпеген нәтиже тіркелді. Жарыстың басты фавориті Қазақстан құрамасы көкпар тартып үйренгеніне көп болмаған өзбек спортшыларынан 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесуден кейін қазақстандық көкпаршылар отырған автобусқа белгісіз қырғыз азаматы келіп, біздің спортшылар тарапына тым ауыр сөздер айтқан екен. Қазақстандықтарды саяси істерге байланысты, әдейі жеңілді деп күдіктенген айыр қалпақты ағайынның ашу үстінде айтқан сөздері желіде қызу талқыға түсуде:

- Былтыр, сендерге барғанда жап-жақсы ойнап бердік. Барлық ережелеріңе мақұл болып, ойнап бергенбіз. Астанаға мен барғанмын. Сол кезде қалай болды? Барлығына шыдап, ойнадық қой. Енді неге сендер солай ойнамайсыңдар? Ей, Мейіржан, ойнамайсыңдар ма?! Намыс деген бар ма, сендерде? Бұл спорт қой. Неменеге саясатты араластырып отырсыңдар? "Көк бөріден" неге сонша қорқасыңдар? Бұл ойын ғой, спорт қой. Жігітше ойнап, күліп ойнап кетпейсіңдер ме, елдеріңе? Өзбекстан өмірі көкпар ойнаған жоқ. Қайтіп ұтылып барасыңдар елдеріңе? Қай беттеріңмен барасыңдар? Мен деген қазақтың намысты жігіттері келіп, біреудің астына жатып бергендерің, пазор болды ғой, - дейді ол.

Шынымен де ат құлағында ойнайтын Алаш баласының өзбек көкпаршыларынан жеңіліп қалғаны көңілден өтпейді. Бірақ, спорт болған соң жеңіс пен жеңілістің қатар жүретіні тағы бар.

Біздің көкпаршылардың Өзбекстанға шынымен шамасы келмеді ме, әлде қырғыз азаматы айтқандай әдейі жеңілді ме ол жағы бізге беймәлім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер