Басқа

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып.

Дүбірлі дода 10-16 қыркүйекке жоспарланған.

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады.

Жекелей сында кеше ғана Азия ойындарында топ жарған Алина Әділханова, Адиля Тілекенова және Даяна Әбдірбекова өнер көрсетеді.

Топтық жаттығуда Будник Джессика, Жанерке Дәулетқұлова, Жакупова Даяна, Сұлтановна Регина, Талғатбек Анель және Рустамқызы Айза сынға түседі.

Еске сала кетейік, қазақстандық Алина Әділханова Азия ойындарында жекелей сында чемпион атанды.

Сондай-ақ, Адиля Тілекенова және Даяна Әбдірбековамен бірлесіп, топтық жаттығуда да үздік шықты.

ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер