Ұлттық спорт

Америкалық көкпаршы серкені лақтырмақ болғанда тайқазанның ішіне құлап кетті. Видео

Америкалық көкпаршы серкені лақтырмақ болғанда тайқазанның ішіне құлап кетті. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық көкпаршылар дүниежүзілік көшпенділер ойындарында АҚШ құрамасын ойсырата жеңді. Ойын кезінде түрлі қызықты жағдай орын алды.

Қос құрама арасындағы ойын 20:9 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Америкалықтар үшін серкені қолға түсіру оңай болмады.

Көрермендер америкалық ойыншыларға қолдау білдіргенімен, ұпай жинауға тырысқан америкалықтар тайқазанның ішіне құлап жатқанда, күлкісін тыя алмады.

Ковбойлар үшін Орта Азия халықтарының ұлттық ойыны таңсық дүние емес.

Олар бұл ойын түрінде алғаш рет 2 жыл бұрын Қырғызстанда өткен Көшпенділер ойындарында бақ сынап көрген еді. Былтырғы жылы атлеттер Қазақстанға әлем біріншілігіне келгенімен, ат үстіндегі тәжірибелі жігіттерден айласын асыра алмады.

Көкпар ойыны кезінде ешкінің тушасын лақтырмақ болған америкалық ойыншылар тайқазанның ішіне құлап кетті (видео)

Көшпенділер ойындарында көкпар ойыны үшін тігілген сыйлық қоры шамамен 90 мың долларды (33 миллион теңгеден аса) құрайды.

Көкпар ойыны кезінде ешкінің тушасын лақтырмақ болған америкалық ойыншылар тайқазанның ішіне құлап кетті (видео)

Айта кетсек, Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Қырғызстанда 2 қыркүйекте басталған еді.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер