Жеңіл атлетика

IAAF Құрлықаралық кубогына Қазақстаннан кімдер қатысқан?

IAAF Құрлықаралық кубогына Қазақстаннан кімдер қатысқан?
news-banner7
mobile-news-top

Осыдан 8 жыл бұрын Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы жаңа форматтағы турнирдің тұсауын кесті. Бұған дейін өткізіліп келген Әлем кубогының орнына орнына IAAF Құрлықаралық кубокты сарапқа салуды бастады.

2010 жылы алғашқы жарысты Хорватияның Сплит қаласы қабылдады. Құрлықаралық кубок әрбір 4 жыл сайын өткізіліп тұрады. Оған төрт құрлықтың құрамалары қатысады: Еуропа, Америка, Африка және Азия-Мұхит аралдары елдері.

Қазақстанның спортшылары Азия-Мұхит аралдары елдерінің құрамасына кіреді. 2010 жылы Сплитте үш атлетіміз өнер көрсетті.

Үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова Хорватияда ұйымдастырылған алғашқы Құрлықаралық кубоктың чемпионы атанды. Ол 15.25 метрге секіріп, Азияның рекордын жаңартты.

Келесі күні Рыпакова ұзындыққа секіруден қола жүлдеге ие болды. Көрсеткіші – 6.60 метр.

Биіктікке секіруден ол кезде елімізде ғана емес, Азия құрлығында да Мария Аитованың шоқтығы биік болатын. 2006 жылы әлем кубогында қола жүлдеге ие болған Аитова жарақатына байланысты Сплиттегі Құрлықаралық кубокқа қатысқан жоқ. Оның орнына тағы бір қазақстандық Анна Устинова барды. 1.88 метрге секірген Аннаның үшінші орынға мүмкіндігі болған. Бірақ ол бұл биіктікті бағындыруда қарсыластарына қарағанда көп күш жұмсады. Сондықтан 5-орынменш шектелді.

Өкінішке қарай, үш қарғып секіруші Роман Валиев те өзінің мүмкіндігін толық көрсете алмай, 15.81 метрден аса алмады. Сөйтіп, сегізінші орынға тұрақтаған еді.

Ал 2014 жылы бұл жарысты Марокконың Марракеш қаласы қабылдады. Қазақстаннан Ольга Сафронова қатысты. Ол 100 метрге жүгіруден жетінші келді (11.60 сек.). 200 метрге жүгіруден көрсеткіші – 22.99 сек. Нәтижесінде алтыншы орын.

2010 жылы Құрлықаралық кубокты Америка, 2014 жылы Еуропа құрлығы жеңіп алған.

Биыл бұл жарыс Чехияның Острава қаласында өтеді.

Азия-Мұхит аралдары елдері құрамасының сапына 87 атлет енген (45 ер, 42 әйел). Оның ішінде екеуі Қазақстаннан. Жақында төртінші рет Азия ойындарының чемпионы атанған Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру) мен Виктория Зябкинаға (200 м) сенім артылып отыр

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер