«Қайрат» футбол клубы Түркиядан оралды
![«Қайрат» футбол клубы Түркиядан оралды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1387697510_282010873.jpg?v=28707864)
«Қайрат» футбол клубы Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
«Қайрат» ФК Белек қаласындағы ОЖЖ-да жаңа маусымға дайындалып «Қайсар», «Тараз» командаларымен жолдастық кездесу өткізді.
Алматылық клуб келесі ОЖЖ-ны алдағы жылдың қаңтар айында Абу-Даби қаласында өткізеді. Бұған қоса алматылықтар бірқатар ТМД мен Еуропаның мықты ұжымдарымен жолдастық матчтар ойнады.