Велоспорт

«Вуэльта» - 2018: «Астаны» капитаны «темір тұлпарын» ауыстыруға мәжбүр болды

«Вуэльта» - 2018: «Астаны» капитаны «темір тұлпарын» ауыстыруға мәжбүр болды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Испанияда өтіп жатқан мәртебелі «Вуэльта» көпкүндігінің 11-ші кезеңі өтті. Алда енді 10 кезең қалды. Ал «Астана» велоклубының капитаны Мигель Анхель Лопестің жүлделі орындардан мүмкіндігі өте зор.

Момбуэй мен Рибейра Сакра арасын құрап жатқан қашықтық 207,8 шақырымнан тұрған болатын. Осы көпкүндіктегі ең ұзақ қашықтық. Жарыс басталмай тұрып-ақ көпшілік ең ауыр кезең деп баға берген. Расымен де солай болды. Әсіресе «Астана» үшін. Жарыс қыза берген кезде капитанымыз Мигель Анхель Лопестің велосипедінен ақау пайда болып, колумбиялық шабандозымыз «темір тұлпарын» ауыстыруға мәжбүр болды. Алайда, пелетон бірнеше бөлікке үзіліп кеткендіктен команданың техникалық қызметкерлері жетеміз дегенше біраз уақыт өтіп кетті. Соған қарамастан команда жұмылған жұдырықтай бірігіп, Мигельді күтті де, бас пелетонға қосып тастады. Соның арқасында колумбиялық капитан жалпы есептегі 7-ші орынды және 27 секундтық айырмашылықты сақтап қала алды. Сонымен қатар, ең үздік жас шабандоздар рейтингін де бастап келеді.

Басты жарыстар әлі алда. Бүгін шабандоздарды 181,1 шақырымға созылатын қыратты жарыс күтіп тұр.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер