русский язык
АВТО/МОТО

«Астана» командасы әйгілі «Дакар» додасына қатысады

«Астана» командасы әйгілі «Дакар» додасына қатысады

«Astana Dakar Team» атауын «Astana Motorsports» деп өзгерткен қазақстандық автошабандоздар жаһанның ең әйгілі жарысы «Дакар» раллиіне қатысатынын ресми түрде растады.

 Аргентина, Боливия және Чили елдерінің аумағында өтетін 9 мың шақырымдық бұл дүбірлі дода 5-ші қаңтарда Росария (Аргентина) бағытында басталып, 18-ші қаңтар күні Вальпараисода (Чили) аяқталады.

Ұйымдастырушылардың мәлімдемесіне қарағанда «Дакар-2014» өткен жарыстардан басты айырмашылығы қатысушылар марафонның бес кезеңінде бөлінетін болады. Мәселен, Боливияға тек мотоциклшілер мен квадроциклшілер ғана барады. Бұл техникалық жағынан анағұрлым күрделі трасса жасауға мүмкіндік беріп, мотоциклшілердің жеңіл және жүк машиналарымен соқтығысуын болдырмауға көмектеседі. Онда ел намысын «Astana Motorsports» командасының төрт экипажы қатыспақ. Оның үшеуі жеңіл, біреуі жүк машинасы. Олар «Proto Overdrive» автокөлігінде 356 старттық нөміріне ие болған пилот Айдын Рахымбаев пен штурман Владимир Демьяненко және осыған ұқсас автокөлікте 368 старттық нөмірімен пилот Бауыржан Исабаев және штурман Ғабдолла Әшімов. Сондай-ақ «Nissan» автокөлігінде 413 нөмірімен пилот Денис Березовский және штурман Игнат Фальков өнер көрсетеді. Ал жүк машиналарының сайысында «Дакар 2012» қола жүлдегері пилот Артур Ардавичус, штурман Алексей Никижев және механик Радим Капланек бақ сынайды. Бұл экипаж 542 нөмірімен жаңа «Таtra» жүк машинасымен барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;