Жеңіл атлетика

Азия ойындарындағы қазақ жеңіл атлеттеріне тиесілі рекордтар

news-banner7
mobile-news-top

Индонезиядағы жазғы Азия ойындары да аяқталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жетінші рет қатысқан екен.

Биылғы жылы еліміздің спортшыларының көрсеткіштері көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Отандастарымыз жалпы командалық есепте тоғызыншы орын алды. Ал жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасына 7 медаль бұйырды (1 алтын, 1 күміс, 5 қола).

Жакартадағы Азия ойындарында жеңіл атлетика сайыстары 25-30 тамыз аралығында өтті. Жалпы, «Гелор Бунг Карно» стадионында 15 рекорд тіркелген екен. Біз бұған кейінірек тоқталамыз.

Әзірге Қазақстан жеңіл атлеттеріне тиесілі Азия ойындарындағы рекордтарды бір еске түсірсек.

1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен жазғы Азия ойындарында ерлер арасында сырықпен секіруден Қазақстаннан екі спортшы барды. Алматылық Игорь Потапович сол жолы 5.65 метрге секіріп, рекорд орнатқан болатын. Оны биыл Жакартада жапониялық Ямамота жаңартты.

Ал әлі күнге дейін қазақстандық жеңіл атлеттерге тиесілі 4 рекорд бар. 1998 жылы Таиланд астанасы Бангокта Ольга Шишигина 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден жазғы Азия ойындарының жаңа рекордың иесі атанды. Допингке байланысты 2 жыл жазасын өтеп шыққан жерлесіміз бірден Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетеді. Шишигина мәреге 12.63 секундта жетті. Әлі күнге бұл рекорд жаңарған жоқ. Биыл Жакартада чемпион атанған Юнг Хе Лим тіпті бұл нәтижеге жақын болмады (13.20 сек.).

Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Дмитрий Карпов 2006 жылы Дохада онсайыстан 8384 ұпай жинады. Бұл рекордта әзірге бұзыла қоймас.

Биыл үшінші рет Азия ойындарының финалына шығып, күміс жүлде жеңіп алған Маргарита Мұқашева 2010 жылы 800 метрге жүгіруден ең үздік нәтижені тіркеген болатын. Оның Азия ойындарындағы рекорды – 1:59.02 мин. Индонезияда осы қашықтықта чемпион атанған қытайлық Чуню Ванның көрсеткіші – 2:01.80 мин.

Төртінші рекорд Ольга Рыпаковаға тиесілі. Олимпиада чемпионы 2010 жылы Гуанжоуда үш қарғып секіруден 14.78 метрді бағындырған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер