Баскетбол

«Астана» маусымды ЦСКА баскетболшыларымен бастайды

news-banner7
mobile-news-top

ВТБ Бірыңғай лигасының жаңа маусымға арналған ойындар кестесі бекітілді. «Астана» баскетболшылары маусымды 7 қазан күні елордамыздың «Сарыарқа» велотрегінде Мәскеудің ЦСКА клубына қарсы ойынмен бастайды.

Жалпы, Бірыңғай баскетбол лигасы биыл 5 қазанда басталып, 2019 жылы 28 сәуірде мәресіне жетеді. Барлығы 14 команда. Олар өзара екі айналым өткізіп, соның қорытындысы бойынша үздік сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады. Плей-офф кезеңінің текетірестерінде жеңімпаз үш жеңістің қорытындысы бойынша анықталады.

«Астана» баскетболшылары маусымды 7 қазанда бастайды. Алғашқы қарсыласы – Мәскеудің ЦСКА-сы. Келесі кездесуін 13 қазанда Белоруссияда «Цмоки-Минск» командасына қарсы өткізіп, қазанның 21-інде Санкт-Петербургтің «Зенитін» қабылдайды.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер