Дзюдо

Дидар Хамза: Азия ойындарында Елдос ағамның есесін қайтардым

Дидар Хамза: Азия ойындарында Елдос ағамның есесін қайтардым
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан 81 келіде ел қоржынына алтын салып, Қазақстан Әнұранын Джакарта төрінде шырқатқан Дидар Хамза Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. Спортшы алтын алу үшін бар күшін салып, командаласы Елдос Сметовтің есесін қайтарғанын мәлімдеді.

"Барлық белдесуім қиын өтті. Іріктеу айналымдарында біздің салмақтағы ең мықты деген балуандармен кездесіп, жеңіске жеттім. Бәрі бір Алланың қолдауы. Ал финалдық сында тек алтын аламын деген ой болды.

Өйткені, командамыздың көшбасшысы, өзіміздің ағамыз Елдос Сметов жарақаттанып қалды да, бір алтын қолымыздан сусып кеткен еді. Сондықтан, тек жеңіс керек екенін білдім. Күміс қолда, алтын жолда тұрды. Ақтық демім қалғанша алтын үшін айқасамын деп шештім.

Бапкерлеріме алғысым шексіз. Бұл менің ірі халықаралық жарыста алып тұрған алғашқы жүлдем", - деді Дидар Хамза.

Дидар аралас командалық жарыста күміс жүлдегер, жекелей сында алтын медаль иегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер