Жеңіл атлетика

Жас атлеттеріміз Олимпиада ойындарына қатысады

Жас атлеттеріміз Олимпиада ойындарына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Биыл Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер Олимпиадасы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс 6-18 қазан аралығына жоспарланған.

Олимпиада бағдарламасында жеңіл атлетика сайыстары да бар. «Спорт падишасының» жас өкілдері 11-17 қазан аралығында сынға түседі. Онда жалпы саны 36 медаль жиынтығы сарапқа салынады (18-і ұлдар, 18-і қыздар арасында). Жасөспірімдер Олимпиадасына 2001-2002 жылы туғандар қатыса алады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметі бойынша жалпы 680 жеңіл атлет іріктеуден өткен (340 ұл, 340 қыз). Іріктеу кезеңдері екі кезеңнен өткізілді. Бірінші кезеңдегі жолдаманы Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы анықтады. Яғни әрбір сайыс бойынша аймақтық квотолар берілді. Негізінен 2013, 2015, 2017 жылдары өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижелері ескерілді. Сосын әрбір құрлықта іріктеу кезеңдері өткізілді. Азия аймағында мұндай іріктеуді Бангкок қаласы қабылдады. 4-5 шілде аралығында 3 қазақстандық Таиландтағы іріктеуде жолдама жеңіп алды. Олар: Ефим Тарасов (400 метрге жүгіру), Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру), Анастасия Глухарева (үш қарғып секіру). Одан бөлек Галина Панасенко (2000 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Кристина Морозова (5 шақырымға спорттық жүріс) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер