ММА

«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары UFC жекпе-жектерін көрсетеді

«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары UFC жекпе-жектерін көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулиннің қатысуымен баспасөз маслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазақстан» телеарнасы бүкіләлемдік UFC спорт ұйымының жекпе-жектерін Қазақстан аумағында бір жарым жыл бойы көрсету құқығына ие болғанын айтты.

«2018 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында UFC-тің 14 жекпе-жегі эфирге шығады.

Соның ішінде, 6 қазан күні Лас-Вегаста өтетін ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік Хабиб Нурмогомедовтың арасында өтетін UFC229 кеші де көрсетілетін болады.

Ал, 2019 жылы 40-тан астам турнирдің көрсетілімі жоспарда тұр.

Ал, Головкин мен Альварес арасындағы бокс кешіне тоқталған Павел Цыбулин: «барша қазақстандықтар асыға күтіп жүрген GGG мен «Канело» арасындағы жекпе-жекті 16 қыркүйекте көрсететін боламыз. Сонымен қатар, 20 қыркүйектен бастап біздің арналарымызда «Qazaqstan FIGHTER» жобасының тұсаукесері болмақ. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы» атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның мақсаты - Қазақстандағы аралас жекпе-жек спортын дамыту»,- деді.

Түпнұсқасы: kaztrk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер