Ұлттық спорт

Қырғызстандағы жарыста Қазақстан көкпаршылары неге алаңға шықпай қалды

Қырғызстандағы жарыста Қазақстан көкпаршылары неге алаңға шықпай қалды
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушылары Қазақстан құрамасына аттар ұсынбағандықтан, спортшылар ойынға шыққан жоқ.

Бұл туралы Prosports.kz тілшісі Sputniknews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы 2 қыркүйекте РФ Краснояр өлкесінің командасына қарсы шығуы керек еді. Неге екені белгісіз ойын болмай қалды, ал отандастарымыз алаңға да шықпаған.

Sputnik Қырғызстан тілшілері Қазақстан құрамасының бас бапкерімен қонақ үйде кездесіпті. Қанағат Сүйбаев оқиғаның себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, команда жарысқа қатысу үшін өз тұлпарларын әкелмеген.

- Ұйымдастырушылармен алдын ала келісіп, олар бізге аттар береді деп шешкенбіз, бірақ ақыры қолымызға тимеді. Бәлкім, жарамды жылқы табылмаған шығар… Білмеймін. Бүгін Қырғызстанның кок-бор федерациясы басшысы бұл мәселені шешуге уәде берді. Біз финалға шығуды көздеп отырмыз, ал нашар аттармен бірінші турдың өзінде жеңіліп қалар едік, - дейді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер