Ұлттық спорт

Көкпардан Қазақстан құрамасы көшпенділер ойынына қатысудан бас тартқан жоқ

news-banner7
mobile-news-top

Кеше бірқатар БАҚ көкпардан Қазақстан құрамасының Қырғызстанда өтіп жатқан Көшпенділер ойынына қатысудан бас тартқанын хабарлаған еді, деп жазады prosports.kz.

Сол ақпаратқа байланысты еліміз Спорт Комитеті ресми мәлімдеме жасады.

- Құрметті әріптестер! Күні кеше көптеген қазақстандық және қырғызстандық БАҚ Көкпардан Ұлттық құраманың III Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына қатысудан бас тартқаны жөнінде ақпарат шыққан болатын. Біздің тараптың ұйымдастырушыларға ойынның ережелері бойынша сұрақтары туындады.

Бүгінгі таңда барлық мәселе шешілді. Біздің команда ойындарға қатысады, ешкім ешқайда кеткен жоқ. Ертең ұлттық құрама Ресейдің Красноярск өлкесінен келген командамен кездеседі. Бұл ақпаратты Спорт Комитетінің ресми жауабы деп білерсіздер, - деп жазылған мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер