Эсеола: Аршавин - футболдың адамы

Эсеола: Аршавин - футболдың адамы
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола алматылық клубтағы мансабы жайлы айтып берді.

- Дерин, шыны керек, сіздің «Қайраттағы» ойыныңызға жанкүйерлер таңданыс білдірді. Өзіңізден осыны күттіңіз бе?

- Бұл үшін мен көп еңбектендім. Талпынысым мен жігерімнің арқасында «Қайраттың» сапындағы алғашқы ойыннан-ақ өзімді көрсете алдым. Жаттығуларда көп еңбектеніп, жұмыс жасасаң алаңда соның жемісін көретініме мен нық сенімдімін.

- Алматының қай жерінде тұрып жатырсыз? Қаланы аралап үлгердіңіз бе?

- Әрине, осында тұрып жатқаныма екі айдан асты. Жақсы тұрғын жайдан үй алдым. Ұнатпайтыным – жолдар. Көлік жүргізгендіктен жолды есіңде сақтау қиынға соғады. Өйткені күнде жөндеу жұмыстары, күнде бір нәрсе өзгереді. Баратыным база мен мейрамхана. Соның өзі қиынға түседі.

- Неге «Қайратты» таңдадыңыз? Келіссөз қанша уақытқа созылды?

- Уақыттың басым бөлігі бұрынғы клубыммен келісімшартты бұзумен өтті. Бәрін заң жүзінде жасау қажет болды. Бұл жағынан менің агенттерім үлкен жұмыс атқарып, өздерінің нағыз кәсіпқой екенін дәлелдеді. Ал «Қайратпен» келіссөз бір айға жуық уақытқа созылды.

- «АЗ Алкмаарға» қарсы ойын сіздің мансабыңыздағы ең үздігі болған секілді?

- Нәтижесі мен эмоциялық тұрғыдан алып қарасам, сізбен келісемін.

- Голландиялық команданың қақпасына соққан алғашқы голыңыз тамаша болды. Сіз алаңда тайып жығылдыңыз ба әлде бұл өзіндің бір финт болды ма?

- Екеуі де (күледі). Негізі финт жасаймын деп ойлағанмын, бірақ мен де, Влаар да тайып құладық. Сол мезетте өзімді тез қолға алып, жүгіріп кеттім. Мұндай финтті әлі ешкім ойлап тапқан жоқ.

- Ертесі өзіңізді жұлдыз сезініп ояндыңыз ба?

- Алматыға келген сәтімнен өзімді жұлдыз сезіндім. Өйткен бұл қалаға елдің үздік сұрмергені ретінде келген болатынмын. Бірақ танымалдылыққа аса назар аударудың қажеті жоқ. Өйткені ол уақытша.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын Андрей Аршавин «Энфилдте» покер жасаған сәтте онымен бір командада ойнаймын деп ойлап па едің?

- Жоқ, мүлдем ойламадым. Кезінде «Зенитке» жолым түскен болатын. Алайда ол командаға ауыспадым. Андрей әркез кеңес беруден жалықпайды. Ол – футболдың адамы. 30 жылдан бері футбол ойнап келеді. Тек ақымақ қана оның кеңесіне құлақ түрмейді.

Түпнұсқасы: fckairat.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер