Велоспорт

Дмитрий Фофонов «Вуэльтаның» алғашқы аптасын қорытындылады

Дмитрий Фофонов «Вуэльтаның» алғашқы аптасын қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Испанияда өтіп жатқан мәртебелі «Вуэльта» көпкүндігінің алғашқы аптасы аяқталып, бүгін велошабандоздар жарыстың 10-шы кезеңін бастайды. Осы орайда команданың спорт директоры Дмитрий Фофоновқа хабарласып, алғашқы аптаны қорытындылап беруін сұраған едік.

Айта кетейік, жарысты «ұйқысұрап» бастаған «Астана» велоклубының капитаны Мигель Анхель Лопес қазір көшбасшыларды қуып жетуге жақын қалды. Жексенбіде өткен алғашқы таулы кезеңді абыроймен өткеріп, мәре сызығын төртінші болып қиған колумбиялық шабандоз жалпы есепте 7-ші орынға көтерілді. Енді Лопес пен жарыс көшбасшысы британиялық Саймон Йетстің арасын небәрі 27 секунд бөліп тұр.

- Көпкүндіктің алғашқы аптасын өте белсенді өткіздік. Қазір енді Испанияның оңтүстік бөлігінен солтүстігіне қарай ойыстық. Мигель Анхель Лопестің де бабына еніп келе жатқаны қуантады. Таулы кезеңді өте тамаша өткізді. Көшбасшыларды қуып жетуге үмітіміз мол. Әлі алда екі апта бар. Командадағы көңіл-күй керемет. Стальнов, Фрайле сынды жігіттер қазір барын салып жүр. Сондай-ақ, соңына таман Ян Хирт та тізгінді қолына алып, таулы кезеңдерде Пельо Бильбао екеуі Мигель Анхель Лопеске көмектесетін болады, - деді Дмитрий Фофонов.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 25-і күні Малагада басталған «Вуэльта» көпкүндігі 16 қыркүйекте Мадридте мәресіне жетеді.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер