русский язык
Футзал

«Қайрат» «Тюменьмен» тең ойнады

«Қайрат» «Тюменьмен» тең ойнады

Футзалдан «Еременко» атындағы кубогы аясында алматылық «Қайрат» ресейлік «Тюмень» командасымен тең түсті.

Матчтың 8-ші минутында Серік Жаманқұлов есепті ашты. Артынша, 22-ші минутта ресейліктер есепті теңестірді, Феррао дабль-пенальтиден соқты. Дегенмен, «Тюмень» ойыншылары Игитаға ереже бұзып, қонақтар қақпасына дабль-пенальти белгіленді. Николай Пенгрин мүлт етпеді – 2:1. Алғашқы тайм «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.

Екінші таймда ресейліктер есепті теңестірді. Алдымен, Иван Милованов есепті – 2:2-ге жеткізсе, Фелипе матчтағы екінші голын соғып «Тюменді» алға шығарды. Бірақ, «Қайрат» ойыншылары бірден алға ұмтылып Николай Пенгрин таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 3:3.

«Қайрат» (Алматы) – «Тюмень» (Тюмень) 3:3 (2:1)

ГолдарЖаманқұлов (8), Пенгрин (23, 44) – Феррао (22), Милованов (32), Фелипе (42)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;