Ұлттық спорт

Еліміз Көшпенділер ойындарында 7 алтынмен көш бастады

Еліміз Көшпенділер ойындарында 7 алтынмен көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күнінің қорытындысы белгілі болды.

Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Жалпы командалық есепте 5 алтын, 5 күміс, 8 қола медальмен Қырғыз Республикасы құрамасы екінші орында келе жатыр. Ал үшінші орынға 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен Түрікменстан құрамасы жайғасқан. Одан кейінгі орындарды Ресей (3, 0, 4), Өзбекстан (2, 3, 7), Украина (2, 3, 1) құрамалары өзара бөліскен. Айта кетерлігі Қазақстан құрамасының көш бастауына армрестлинг шеберлерінің ерлігі септігін тигізді. Әйелдер арасында құрамадан Письменная Оксана (75 кг) мен Лисянская Антонина (+75 кг), ерлерден Фараджов Вали (75 кг), Стипанчук Андрей (95), Сазонов Олег (105) пен Дмитрий Трубин (+105кг) ел намысын қорғаған болатын. Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын және 5 күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте ұлттық құраманы алға шығарды.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер