Жеңіл атлетика

Altay athletics спортшысы «Гауһар лигасында» күміс жүлдені еншіледі

Altay athletics спортшысы «Гауһар лигасында» күміс жүлдені еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Бельгияның Брюссель қаласында «Гауһар лиганың» 2018 жылғы маусымының екінші финалы өтті. Мұның алдында Цюрихте 16 сайыс түрінен үздіктер анықталса, Брюссель тағы 16 сайыстың жеңімпаздары белгілі болды.

Жүлдегерлер қатарында Altay athletics клубының 22 жастағы кениялық атлеті Нора Джеруто да бар. Ол екінші жыл қатарынан «Гауһар лиганың» финалында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден үздіктер қатарына енді. Былтыр үшінші орын алса, осы жылы күміс медальға қол жеткізді.

Бельгияда әйелдер арасындағы стипль-чез сайысында 12 жеңіл атлет бақ сынады. Кениялық 27 жастағы Беатрис Чепкоеч 20 шілде күні Монакодағы іріктеу кезеңінде рекорд жаңартқан болатын – 8:44.32 мин. Бұл жолы ол мәреге 8:55.10 минутта жетті. Өз кезегінде Джеруто екінші орын алды (8:59.62 мин.). Үштікте 2015 жылғы әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері тағы бір кениялық Хивин Киенг бар.

Брюссель. «Гауһар лига», финал. 3000 метрге кедргілер арқылы жүгіру. Әйелдер:

1. Беатрис Чепкоеч (Кения) – 8:55.10 мин.

2. Нора Джеруто (Кения) – 8:59.62 мин.

3. Хивин Киенг (Кения) – 9:01.60 мин.

4. Эмма Кобурн (АҚШ) – 9:06.51 мин.

5. Селифина Чеспол (Кения) – 9:06.75 мин.

6. Кортни Фрерикс (АҚШ) – 9:07.07 мин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер