Бокс

Головкин жекпе-жекте Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы

Головкин жекпе-жекте Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасы екінші жекпе-жек алдында қандай талап қойғанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында ұлттық әнұранның шырқалғанын қаламай отыр. Олар сонда өз елін қолдамай ма? Бұл рәсім. Чемпиондық белбеу тігілетін жекпе-жектердің алдында ұлттық әнұран орындалуы тиіс. Ол жекпе-жекті әсерлі ете түседі. Головкиннің командасы Қазақстан, Мексика, Америка әнұраны орындалғанын қаламайды… Тағы қандай қалауы бар екен? Құдай-ау, олар жекпе-жектен бас тартқысы келе ме?! Шық та, жұдырықтаса берсейші!», — деп мәлімдеді Де ла Хойя.

«Канело» — GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер