русский язык

Агенттіктен 18,8 млрд теңге іздестірілуде

Агенттіктен 18,8 млрд теңге іздестірілуде

Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттік қызметінде бюджеттік заңнаманың бұзылуы 18,8 млрд құраған. Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Есеп комитеті анықтаған бюджеттік және басқа да заңнама талаптарының бұзылуының жалпы сомасы 18,8 млрд теңгені құраған, ал ревизиялық комиссия тексерген облыстардыкі, Астана мен Алматынікі – 4,5 млрд теңге», – делінген таратылған парақшада.

Отырыс қорытындысы бойынша есеп комитеті Үкімет назары спорт және дене шынықтыруды дамытуға, спорттық ғимараттардың құрылысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының қолданылуы кезінде жіберілген бұзушылықтар мен қателіктерге аударылды. Облыстардың, Астана мен Алматы қаласының Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттігіне аталған кемшіліктерді жою, бюджеттік және басқа заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру, сондай-ақ басқа да тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 22 лауазымды тұлға тартылған. «Агенттіктің жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарды жаппай дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына тарту мәселесі бойынша өзара қимыл қамтамасыз етілмеген. Елімізде 477 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оған барлығы 64 адам барады. 139 жоғары оқу орындарының тек 56-сының ғана спорт клубы бар, ал 83-де спорт секциялары жүргізіледі. Ауылдық елді мекендерде дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны ауылдық жердің жалпы тұрғынының 20%-ын құрайды», – делінген құжатта. Қазақстанда қажетті спорттық базаның болмауы, олардың материалдық-техникалық жабдықталуы әлсіз екені анықталды. Спорттық нысандардың күйі қанағаттанарлықсыз.

Тұрғызылған нысандардың пайдалануға уақытында берілмеуі, инвестициялық жобалардың сметалық құнының жоғары болуы және көлемді жұмыстардың орындалмауы турасында бірқатар бұзышылық анықталды. Бұқаралық спортты дамытуда, спорттық шаралардың өткізілу нормативтері, барлық жастағы тұрғындарға спорттық-сауықтыру қызметінің көрсетілуі мен спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде әлеуметтік ең төменгі стандарттардың өңделмеуі атап айтылды.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт саласында білікті мамандардың жетіспейді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;