Басқа

Азиада-2018. Балуандар алғаш рет «алтынсыз» оралды

Азиада-2018. Балуандар алғаш рет «алтынсыз» оралды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Индонезияда 2018 жылғы Азия ойындары мәресіне жетті.

Бұл Азиада Қазақстан үшін сәтті өткен жоқ. Қазақстандық команда медальдар есебінде бірқатар антирекорд орнатты.

Оның ішінде балуандарымыз жанкүйерлерді жеңіс тұғырынан қуанта алмады. Биылғы додада Қазақстан күрестен төрт күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Бірақ, өкінішке қарай, алтыннан алқа тағына алмады.

Бұған дейінгі барлық Азиадада Қазақстан кем дегенде бір «алтын» жеңіп алатын еді.

Азиада-1994. Хиросима (Жапония). 3-5-1 (9)
Азиада-1998. Бангкок (Таиланд). 2-1-3 (6)
Азиада-2002. Пусан (Оңтүстік Корея). 2-2-0 (4)
Азиада-2006. Доха (Катар). 1-1-3 (5)
Азиада-2010. Гуанчжоу (Қытай). 2-2-7 (11)
Азиада-2014. Инчхон (Оңтүстік Корея). 1-4-5 (10)
Азиада-2018. Джакарта, Палембанг (Индонезия). 0-4-6 (10).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер