Ұлттық спорт

III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: қазақ спортшылары алғашқы медальдарды олжалады

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты 24.kz-ге сілтеме жасап.

Айтулы додада қазақстандық спортшылар ел қоржынына алғашқы медальдарды салды.

Мұратхан Берікбол (68 кг) мен Мақсат Жандильдаев (81 кг) тәжіктің ұлттық спорты – «гуштини милли камарбанди» атты белбеу күресінен қола жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында 134 спортшы бар, олар ұлттық спорттың 25 түрінен бақ сынайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер