Футзал

Қазақстандық төреші Чемпиондар Лигасының матчтарына төрелік етті

news-banner7
mobile-news-top

33 жастағы қостанайлық төреші Талғат Космұхамбетов футзалдан UEFA Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің матчтарында қызмет атқарды.

Швецияның Уддевалла қаласында UEFA Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің C тобындағы матчтары өтті. Соңғы үш маусымдағы Қазақстанның үздік арбитры Талғат Космұхамбетов үш матчта жұмыс істеді. Қостанайлық төреші «Лео» (Армения) – «Венгир Юпитерс» (Исландия), «Уддевалла» (Швеция) – «Венгир Юпитрес» және «Венгир Юпитерс» - «Челик» (Черногория) арасындағы ойындарды қадағалады.

Бұған дейін Талғат Қосмұхамбетов Алматыда өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында жұмыс істеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер