Велоспорт

Алматыда білім күнін велошерумен атап өтті

news-banner7
mobile-news-top

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Білім күніне арналған күздің алғашқы велошеруі өтті, деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ.

500-ден астам әуесқой «Нұрлы Тау» БО-нан бастап, 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жүріп өтті. Мәреде қатысушылардың арасында сыйлықтар және велосипедтер ойнатылды. Соның бірін алматылық Apple team велокомандасының жас спортшысы Ерасыл Абилдабек ұтып алды.

Мен велосипед ұтқаныма өте ризамын. Осы сәтті көп күткен едім. Енді тауға жиі шығып, сол жақта тебетін шығармын, себебі ол жақа достарыммен жиі барамын. Өзім болашақта Александр Винокуров сияқты кәсіби велошабандоз болғым келеді, – деді ол.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он бесіншісі болып саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер