Ауыр атлетика

Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды

Илья Ильин Қазақстан чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Зілтемірші Илья Ильин Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Атақты атлет алғаш рет 102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Бұл сайыста ол Әлішер Оразбеков пен Эльдар Сембаевтан озып кетті.

Жұлқа көтеруде Ильяның үздік нәтижесі 172 келі болған. Ал серпе көтеруде 208 келі зілтемірді көкке көтере алды.

Естеріңізге салсақ, Илья Ильин 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Оның жазасы биыл маусымда аяқталды.

Енді Илья 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер