Жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова мен Маргарита Мұқашева екеуі Азия ойындарында 10 медаль еншілеген

news-banner7
mobile-news-top

30 тамыз күні Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында жеңіл атлетика сайыстары аяқталды.

Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Бір қызығы, жалғыз алтынға ие болған Ольга Рыпакованың бұл Азия ойындарындағы қатарынан төртінші жеңісі.

Спортшы 4 жылда бір өтетін Азия ойындарына 2006 жылдан бері қатысып келеді. Дохада жетісайыстан топ жарды (5955 ұпай). Ұзындыққа секіруден қола жүлде еншіледі (6.49 м). 2010 жылы үш қарғып секіруден Азия ойындарының рекордын жаңартты (14.78 м). Ұзындыққа секіруден екінші орын алды (6.50 м). Осыдан 4 жыл бұрын 14.32 метрді бағындырып, үш қарғып секіруден Азия ойындарындағы екінші алтынына ие болды.

Биыл Жакартада тағы да чемпион болды. Көрсеткіші – 14.26 метр.

Осылайша, Ольга Рыпакова 4 дүркін Азия ойындарының чемпионы атанды. Одан бөлек, ұзындыққа секіруден алған бір күміс (2010) және бір қоласы (2006) бар. Жалпы саны – 6 медаль.

Маргарита Мұқашева биыл үшінші рет чемпион атану мүмкін еді. Бірақ ана атанып, 2 жыл үзіліс жасады. Сондықтан дайындыққа уақыт аз болып қалды. Дегенмен, ол Жакартада күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін Маргарита 800 метрге жүгіруден 2010 (2:00.29 мин.) және 2014 жылдары (1:59.02 мин.) чемпион атанған. Инчхонда Азия ойындарының рекордын жаңартты. Сондай-ақ 2010 жылы Гуанжоуда командаластарымен бірге 4х400 метрлік эстафетадан екінші болып келген.

Мұқашеваның еншісінде Азия ойындарының 4 медалі бар. Екеуі алтын, екеуі күміс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер