Велоспорт

Ертең Алматыда Білім күніне арналған велошеру өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Жексенбі, қыркүйектің 2-сі күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда Білім күніне арналған кезекті велошеру өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, сағат 09:00-де велошеруді бастайды. Олар Шығыс айналмалы жол, Төле би, Қалдаяқов және Гоголь көшелерімен жүріп, 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта велошеруді аяқтайды. Оның қашықтығы 9 шақырымды құрайды.

Мәреде қатысушылар ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның нөмірлерін алады. Сөреде бағалы сыйлықтар мен велосипед ұтып алуға олардың мүмкіндіктері бар.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің он бесіншісі болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер