русский язык

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

21-22 желтоқсан күндері Белорусь астанасы – Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде.

Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:
60 келі - Абзал Арыстанбеков


70 келі - Ерлан Естек


80 келі - Ерсін Мұхамеджанов


90 келі - Мұхит Тұрсынов


+90 келі - Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен "Еуразия барысы" халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада "Қазақстан барысы-2013" турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;