Велоспорт

Артем Захаров: Бұл қоланың құны мен үшін алтынға пара-пар

news-banner7
mobile-news-top

Азия ойындарының екі мәрте қола жүлдегері атанған велотрекші Артем Захаров Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, медальға қол жеткізудің қаншалықты қиын болғанын айтты.

«Жалпы алғанда, өз нәтижеме көңілім толады. Бар күшімді салдым. Сол себепті, бұл қоланың құны мен үшін алтынға тең. Азиялық спортшылармен жарысу оңай емес. Біресе менің соңыма түсті, енді бірде мен оларды қуа жөнелдім. Жүлдеден қағатын кездері де аз болған жоқ. Ең бастысы, үздік үштік қатарынан көрінгенім қуантады. 2002 жылдан бері еліміз үшін велотректен жүлде алып отырмын. Соңғы рет Вадим Кравченко жүлдеге қол созған екен. Жарыс көңілімнен шықты, нәтижеме ризамын», - деді Артем Захаров.

Еске сала кетейік, Артем Захаров жекелей із кесу сайысында және омниумда қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер