«Астана» - АПОЭЛ: Бірінші таймда елордалықтар жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында «Астана» өз алаңында АПОЭЛ командасын қабылдап жатыр, деп жазады prosports.kz.

Алғашқы ойында сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіліп қайтқан елордалықтар келесі айналымға өту үшін екі доп айырмасымен жеңу керек. Бабаян шәкірттері әзірге сол мақсатта жақсы жұмыс істеуде.

Бірінші тайм қорытындысы бойынша қазақстандық команда 1:0 есебімен алда тұр. Гол авторы Педро Энрике. Гол пенальтиден соғылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер