Жеңіл атлетика

Ольга Рыпакова: Бұл медалім саған арналады, Қазақстан

news-banner7
mobile-news-top

Азия ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова Олимпиада комитетінің сайтына сұхбат беріп, өз жеңісін барша Қазақстан халқына арнайтынын жеткізді.

«Барлығы сәтті аяқталғаны үшін қуаныштымын. Алтын медаль иелендім. Бұл медалім саған арналады, Қазақстан! Барлық отандастарымды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз.

Өз жерімізден жырақта жүрген біздерге, спортшыларға, бұл үлкен қолдау. Атлеттер үшін әрқашан демеу керек. Біз оны қайда жүрсек те сезінеміз.

Ал жарысқа келер болсақ, мен өз кезегімді көп күттім. Ертерек келіп алдық мұнда. Әдетте жеңіл атлетика бағдарламасының бас жағында сынға түсетін ем. Бұл жолы ең соңына қалдырыпты. Соның салдарынан біраз қобалжыдым.

Осы маусымда тағы басқа жарыстарға қатыссам деген ойым бар. Бүгінгі жеңісімді Қазақстанға арнаймын! Мерекелереңізбен! », - деді Рыпакова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер