Дзюдо

Азиада-2018: Дидар Хамза Азия ойындарының финалына өтті

Азиада-2018: Дидар Хамза Азия ойындарының финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

81 келіде сынға түсетін дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының финалына өтті.

Дидар 1/16 айналымда таиландтық Терада Масаюкиді «ваззари» әдісімен жеңді.

Ширек финалда моңғолиялық Ууганбаатар Отгонбаатардан «иппон» әдісімен басым түсті.

Ал жартылай финалдық сында Гран-при додаларының бірнеше мәрте жеңімпазы, жапондық Такеши Сасакиді таза жеңді.

Дидар Хамза финалда ирандық Саид Моллаимен алтынға таласады.

Ал бүгін татамиге шыққан Зере Бектасқызы мен Севара Нышанбаевалар жартылай финалда жеңіліс тапты. Олар қола жүлдеге таласу құқығына ие болды. 57 келідегі С. Нышанбаева Тайпей балуанымен жолықса, 63 келідегі З. Бектасқызы моңғолиялық спортшымен кездеседі.

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер