Бокс

Головкин - Альварес рематчын қай арна көрсетеді

Головкин - Альварес рематчын қай арна көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көруге болады. Бұл туралы арна басшысы Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сіздермен тағы да бір жақсы жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. Бірнеше апта бойы жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, бүгін түнде американдық әріптестерімізбен нақты келісімге келіп, қазақстандықтардың көптен күтіп отырған Генадий Головкиннің кезекті жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы тікелей трансляция жасауға қол жеткіздік. Бұл келіссөздер ұзаққа созылды, дегенмен де әріптестерімізбен қалыптасқан жақсы байланыстардың нәтижесінде келіссөздер уақытылы аяқталып, алдағы трансляцияның негізгі шарттары мен техникалық параметрлері екі жақты қарастырылып шешімін тапты. Сонымен, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін қазақстандықтар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көре алады» - деп жазды Ерлан Қарин.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегас қаласында өтеді деп жоспарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер