Әлем футболы

«Реал Мадрид» былтыр сатқан футболшысын биыл сатып алды

«Реал Мадрид» былтыр сатқан футболшысын биыл сатып алды
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» франциялық «Лионнан» шабуылшы Мариано Диасты сатып алды.

25 жастағы ойыншы мадридтік клубпен 5 жылдық келісімшартқа отырады. «Реал» трансфер жайында ресми хабарлады.

31 тамызда «Сантьяго Бернабеуде» Диастың таныстырылымы өтеді.

Айта кетейік, доминикандық футболшы 2017 жылы «Реалдан» «Лионға» ауысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер