русский язык
Футбол

Франк Рибери: «Футбол болмаса кедейдің күнін көрер ме едім»

Франк Рибери: «Футбол болмаса кедейдің күнін көрер ме едім»

«Бавария» қорғаушысы Франк Рибери футболдың арқасында өмірдегі дұрыс жолға түскендігін жеткізді.

«Мен нашар жерде туып өстім. Футбол болмаса мен кедейдің күнін көріп, жергілікті тұрғындар сияқты жұмыссыз жүрер ме едім.

Қазір дүкендерді аралап жүрсем, бала кезімдегі көрген қиыншылықтарым бірден есіме түседі. Өмірдің осындай ауыр жолдары,  бойыма күш-жігер беріп, нағыз мықты да батыл адамға лайық болғандаймын. Ең бастысы мінезім шынықты. Өткен өмірдің бұндай сынағын ұмытуға болмайды және ұмытпаймын да»,-деді Франк Рибери goal.com сайтына.  
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;