Жеңіл атлетика

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден бесінші орынға тұрақтады

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден бесінші орынға тұрақтады
news-banner7
mobile-news-top

29 тамыз күні Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында әйелдер арасында 200 метрге жүгірген Ольга Сафронова мәреге бесінші болып жетті.

Ольга кеше іріктеу бәсекесінде және жартылай финалдан іркілмей, финалға жолдама алған болатын.

Жартылай финалда екінші топта жүгіріп, 23.41 секундта мәреге сызығын кесіп өткен еді. Бүгін финалда 23,43секунд жүгірді.

Ал осы қашықтықта чемпион атанған бахрейндік Эдидионг Одионгтің уақыт көрсеткіші – 22.96. Күміс жүлде үндістандық Дьюти Чандқа бұйырса, қолаға қытайлық Кун Линвэй ие болды.

Айта кетейік, Ольга Сафронова осының алдында 100 метрге жүгіруден алтыншы орынға тұрақтаған еді.

29 тамыз.Жакарта. XVIII Азия ойындары. 200 метрге жүгіру. Финал (әйелдер):

1.Эдидионг Одионг (Бахрейн) – 22.96 сек;

2.Дьюти Чанд (Үндістан) – 23.20;

3.Вэй Юнли (Қытай) – 23.27;

4.Нигина Шарипова (Өзбекстан) – 23.32;

5.Ольга Сафронова (Қазақстан) – 23.43.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер