Дзюдо

Дәрігерлер Елдос Сметовтың жағдайы туралы айтып берді

Дәрігерлер Елдос Сметовтың жағдайы туралы айтып берді
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан командасының бас дәрігері Наталья Кудашева Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовтің денсаулығына қатысты тың ақпаратпен бөлісті.

Бүгін Елдос Сметов екінші жекпе-жекте алған жарақатынан соң Джакарта ауруханасына жеткізілген еді.

«Елдостың денсаулығы жақсы. Ол өзін жақсы сезіне бастады. Біз оны медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып барғанбыз. Қабырғасы аман, сынбаған. Енді оның денсаулығын қалпына келтіруге күш саламыз. Бізде бұған қажеттінің бәрі бар», - деді Наталья Кудашова ҰОК баспасөз қызметіне.

Елдос Сметов Джакартадағы атлетикалық ауылға қайта оралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер