Велоспорт

«Астананың» шабандозы «Вуэльта» турында жеңіс тұғырынан көрінді

«Астананың» шабандозы «Вуэльта» турында жеңіс тұғырынан көрінді
news-banner7
mobile-news-top

Испанияда өтіп жатқан «Вуэльта» көпкүндігінің 4-ші кезеңінде «Астана» велоклубының шабандозы Никита Стальнов мәре сызығын екінші болып қиды. Жеңімпаз атану үшін жерлесімізге небәрі екі-ақ секунд жетпей қалды.

«Вуэльта» көпкүндігінің төртінші кезеңі Велес Малага қалашығынан басталып, шабандоздар Альфакаоға дейін 161,4 шақырымды жүріп өтті. Жол негізінен жазық трассадан тұрғанымен таулы-қыратты жерлері де көп еді. Мәреге жақын қалғанда жерлесіміз Никита Стальнов «темір тұлпарының» басын бос жіберіп, қамшы басқан. Алайда, екеуара жарыста америкалық Бенжамин Кингке сәл ғана жетпей қалды. Нәтижесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Бүгін шабандоздарды 188,7 шақырымдық таулы-қыратты кезең күтіп тұр. «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес жарыс көшбасшысы Михал Кватковскиден әзірге 46 секундқа қалып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер