Дзюдо

Елдос Жұмақанов: Туған күнімде өзіме ерекше сый жасадым

Елдос Жұмақанов: Туған күнімде өзіме ерекше сый жасадым
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан 66 келі салмақт қола жүлде жеңіп алған Елдос Жұмақанов Olympic.kz сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz

- Құттықтауларыңызға көп рахмет! Азиада алтынына барар жолда жапондық Марияами есімді балуаннан жеңіліп қалдым. Белдесу басталған бетте-ақ басымдық алуға тырысып, ескерту санымен де алда келе жатқам. Бірақ осы тактиканы соңына дейін дұрыс ұстай алмадым. Ал қарсыласым маған қарсы «ауырту» тәсілін қолданып, жеңіске жетті. Аздап өкінгенім рас, әрине. Десе де, қоланың өзі кішкентай алтын. Бүгін өз туған күніме осындай сыйлық жасадым, - дейді Жұмақанов.

Еске сала кетейік, қола жүлде үшін өткен кездесуде Елдос Жұмақанов катарлық балуанды жеңді.

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер