Велоспорт

Артем Захаров: Алдағы жарыста алтын алу үшін барымды саламын

Артем Захаров: Алдағы жарыста алтын алу үшін барымды саламын
news-banner7
mobile-news-top

Велотректен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Артем Захаров Olympic.kz сайтына сұхбат берді деп хабарлайды Proports.kz

- Шынымды айтсам, бүгінге нәтижеге көңілім аса толған жоқ. Күндізгі бөлімде жарыстың дәл ортасына келгенде аяғым сыр бере бастады. Ал қазір жаман емес, қашықтықты ойдағыдай жүріп өттім. Негізі, күміс алатын мүмкіндігім болған. Алтын медаль иегерін қуып жетпейтінімді білдім. Оның үстіне, менің бес жылдан бері жаңармаған рекордымды бұзды.

Жалпы, сары құрлықтағы бәсекелестік деңгейі өсті. Әлем чемпионаттарында азиялық спортшылар міндетті түрде жүлде алады. Енді «омниум» бойынша сынға түсемін. Бұл өзімнің оң жамбасыма келетін жарыс. Сондықтан, жүлде алсам деген айқын мақсатым бар. Азиядағы ең үздік көрсеткіш менікі қазір. Бірақ Азиада күтпеген спортшылардың озып шығатынымен қызықты. Олимпиада ойындары да жақындап қалды. Аянып қалмайтыным рас», - деді Захаров.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер